Жаңалықтар тізбегі
0

"Тоқта, вандал!": Астана полициясы тұрғындар мен қонақтарға үндеу жасады

Астана полициясы үндеу жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2023 14:36 Сурет: Zakon.kz
Ұстамсыздық пен шектен тыс агрессияның көрінісі заң мен тәртіпті бұзып қана қоймай, айналадағыларға айтарлықтай зиян немесе шығын келтіруі мүмкін дейді ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері.

Мысалы 16 тамызда түнде Астана тұрғыны ғимараттардың бірінен шығып келе жатып, құны жарты миллион теңгеден асатын есікті сындырған. Ер адамның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

ҚР ІІМ хабарлауынша, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін елорда көшелеріне күн сайын 2 500-ден астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері кезекшілікке шығады. Қоғам белсенділері және еріктілермен бірлесіп, тұрақты негізде "Тоқта, вандал!" акциясы өткізіледі.

"Нөлдік төзімділік" қағидаты бойынша қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқаны, адамды қорлағаны, ғимараттар мен өзге де нысандарды бүлдіргені және қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік, яғни 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген.

"Құрметті азаматтар! Сіздерді қоғамдық тәртіпті сақтауға және қала мүлкіне ұқыпты болуға шақырамыз. Кез келген құқық бұзушылық анықталып, соңы жауапкершілікке әкелетінін ұмытпаңыздар! Ішкі тәртіп, заңға және басқа адамдардың құқықтарына құрметпен қарау - бұл Қазақстан қоғамы ұмтылуға тиіс нормалар", - делінген Астана полициясы хабарламасында.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: