Жаңалықтар тізбегі
0

Астаналық шабандоз 1300 шақырымды жүріп өтіп, Гиннес рекордтар кітабына енді

Астаналық шабандоз атпен 1300 шақырымды жүріп өтіп, Гиннес рекордтар кітабына енді, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2023 16:15 Сурет: Астана әкімдігі
Астаналық шабандоз Сайын Нұрдәулет "Көкжал" атымен 1300 шақырымды еңсерді.

Күні кеше басталған "Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесінің нәтижесі бойынша құрама командалардан бөлек, жеке есепте сайысқа түскен шабандоздардың арасында үздіктер анықталды. Астаналық шабандоз Сайын Нұрдәулет өзінің "Көкжал" атымен 1300 шақырымды еңсеріп, Гиннес рекордтар кітабына үшінші болып енді.


"Командалық есеп бойынша астаналық құрама жарысты 5 жылқымен бастап, 12-кезеңде тек 2 жылқы ғана қалды. Жарыс ережесіне бойынша, команда тек 3 атпен ғана жарысты жалғастыра алады. Осыған сай қалған екі шабандоздың нәтижесі жекелей есепте қаралады", - делінген Астана әкімдігінің хабарламасында.

Жарыстың марапаттау рәсімі бүгін сағат 18:00-де Түркістан қаласында өтпек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: