Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағанды ​​облысында көзі ілініп кеткен көлік жүргізушісі жол-көлік апатын жасап, үш адам қаза тапты

Қарағанды ​​облысында көзі ілініп кеткен көлік жүргізушісі жол-көлік апатын жасап, үш адам қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2023 13:30 Сурет: pexels
Қарағанды ​​облысындағы "Қарағанды – Балқаш" тас жолында түнгі жол апатынан үш адам қаза тапты. Көлік жүргізушісінің көзі ілініп кеткендіктен, қарсы келе жатқан жүк көлігін байқамай қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды ​​облысының полиция департаменті баспасөз қызметінің 19 қазанда хабарлауынша, жантүршігерлік оқиға шамамен сағат 2:00-де Ақжал ауылынан 10 шақырым жерде болған. 24 жастағы жүргізуші Chevrolet Cobalt көлігін Қарағандыдан Балқашқа айдап бара жатқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, жас жігіт рөлде ұйықтап кеткен. Көлік қарсы жолаққа шығып кетіп, 47 жастағы жүргізуші басқарған Mercedes-Benz Actros жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан Chevrolet Cobalt жүргізушісі мен оның екі жолаушысы қаза тапты.

Қазір ҚР ҚК 345 бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды. Полицейлер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: