Костенко атындағы шахтада қаза тапқандар саны 22 болды

Қарағанды облысы, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ, Костенко шахтасы, шахтадағы жарылыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2023 14:45 Сурет: freepik
Костенко шахтасындағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілер саны 22-ге жетті. Бұл мәліметті Қарағанды ​​облысының төтенше жағдайлар департаменті жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Апат кезінде шахтада 252 кенші болған, 206 жұмысшы сыртқа өз бетімен шыққан. Қазіргі уақытта 22 кеншінің мәйіті табылды", – деді Қарағанды ​​облысы ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов.

Ал "АрселорМиттал" тартақан мәлімдемеде де 22 адам қаза тапқаны айтылған.

"АрселорМиттал" бұдан бұрын, 28 қазанда Костенко көмір кенішінде қайғылы оқиға болғанын растайды. Қазіргі уақытта біздің 22 қызметкеріміздің қаза тапқаны және тағы 21 қызметкеріміздің хабар-ошарсыз кеткені расталды. 206 адам жер бетіне қауіпсіз жерге шығарылды. Апат туралы хабардан кейін "АрселорМиттал Теміртау" қызметкерлерінің бастан кешкен мұңы мен қайғысын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Барлық зардап шеккен қызметкерлер кешенді күтім мен оңалту көмегін алады", – делінген "АрселорМиттал Теміртау" АҚ  сайтында жарияланған хабарламада.

Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болып, бастапқыда төрт адам қаза тапты. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Қарағанды ​​облысындағы Костенко шахтасында алдын ала болжам бойынша, метан жарылғанын мәлімдеді. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: