Қостанай облысында анасы мен екі баласы ыс тиіп қаза болды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Оқиға 30 қазан күні Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округіне қарасты Лесное ауылында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әйел мен оның 10 және 15 жастағы екі баласы оқиға орнында көз жұмды, деп жазды "Алау" басылымы Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ал балалардың әкесі ауруханада жатыр.
Құтқарушылар өлімнің алдын ала себебі ретінде пештегі жарық салдарынан иіс тиіп, улану деп атады.
2023 жылғы 27 қазанда Шымкентте деосыған ұқсас қайғылы жағдай болып, бір үйдің бес жаны иіс тиіп, қаза тапты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript