Астанадағы LRT құрылыс кезінде қисайып қалды

Астанадағы LRT құрылыс кезінде қисайып қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2023 19:27 Сурет: Zakon.kz
10 қараша күні сағат 17:00 шамасында Қалдаяқов көшесіндегі LRT құрылыс алаңының аумағында бетон құйылды. Белгілі болғандай, қалып бұған шыдамай қисайып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

LRT баспасөз қызметінің хабарлауынша, бетон құю кезінде және қалыптардың болттармен жалғауларына жүктеме ұлғайған кезде темірбетон тіреуіш шыдамай, қисайған.

"Қазір бұл аумақта көлік қозғалысын шектеу шарасы қабылданып жатыр. Ешқандай қирау қаупі жоқ. Қалпына келтіру жұмысы ертең күндіз аяқталады", - делінген хабарламада.

Бұған дейін қазан айында LRT құрылыс алаңында бұрғылау қондырғысы құлап, көлікті басып қалған еді. Төтенше жағдай Сығанақ көшесінде 21 қазанында болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: