Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқтар Төлешовтің тәркіленген мүлкі мемлекет меншігіне өтті

"Фосворшылар" мәдениет үйі, Шымкент, Тоқтар Төлешов, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2023 12:35 Сурет: Instagram/gabit_syzdykbekov
Шымкентте қаңырап бос тұрған "Фосфоршылар" мәдениет үйі коммуналдық меншікке берілді. Бұл жөнінде 2023 жылғы 15 қараш күніа қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желідегі жазбасында әкім Шымкент қаласында бірнеше жылдан бері қараусыз, бос тұрған "Фосфоршылар" мәдениет үйі бойынша жақсы жаңалығы бар екенін жазған.

"Өздеріңіз білетіндей, бұл ғимарат "Дархан групп" серіктестігінің меншігіне жататын еді. Шымкент қаласының әкімдігі қалалық прокуратура мен мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірлесіп, мәдениет үйін қаланың коммуналдық меншігіне қабылдау бойынша алгоритм әзірледі".Ғабит Сыздықбеков

Қала әкімі 13 қараша күні "Фосфоршылар" мәдениет үйін қаланың коммуналдық меншігіне қайтару бойынша келісімге қол жеткізілгенін атап өтті.

"Ары қарай ғимаратты көпфункционалды Жастар сарайы ретінде қайта қалпына келтіру және аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады. "Фосфоршылар" сарайы қаланың ең көрікті жерлерінің біріне айналатынына және халық игілігіне қызмет ететініне сенімдімін", – деп жазды Ғабит Сыздықбеков.

Қаңтар айында Төлешовтың тәркіленген мүлкі аукционға қойылды. Осыдан кейін "Фосфоршылар" мәдениет үйі тонала бастады – залдағы орындықтар, үлкен сахна алынып тасталды, тіпті төбенің астындағы металл арқалықтар кесілді. Бірақ бұл үшін ешкім жазаға тартылған жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: