Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда учаскелік полицей 6 жасар баланы өрттен құтқарып қалды

Таразда учаскелік полицей 6 жасар баланы өрттен құтқарып қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2023 10:49 Сурет: pixabay
15 қарашада сағат 17:30 шамасында облыс орталығының мөлтек аудандарындағы көпқабатты үйлердің бірінен баланың айқайлаған дауысы шыққан.

Оны естіген осы үйдің 2-подъезінде орналасқан учаскелік пункттің полиция қызметкері далаға жүгіріп шығады. Ол 5-қабаттың балконында пәтерден шыққан өрттен қорқып, айқайлап тұрған кішкентай баланы көреді. Учаскелік полиция инспекторы Сәбит Жүрмұхамедов бірден 5-қабатқа көтеріліп, көршілерден балға алып, пәтер есігін бұзып ашқан.

Полиция қызметкері көк түтіннің арасында жылап тұрған 6 жасар баланы тауып, тез арада сыртқа алып шығады. Содан соң "102" арнасына қоңырау шалып, өрт сөндіру қызметі мен жедел жәрдем жіберуді сұраған.

Өрт сөндіріліп, 6 жасар бала мен полиция қызметкері улы газдан улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Олардың жағдайы бірқалыпты. Оқыс жағдай орын алғанда жедел түрде әрекет етіп, өрт сөндірушілерді күтпей, өз денсаулығы мен өмірін ойламастан баланы құтқару үшін пәтерге кіріп кеткен учаскелік инспекторға баланың анасы Сәния зор алғысын білдірді.


"Сәбит дер кезінде әрекет етпегенде не жағдай болатынын тіпті елестете де алмаймын. Оған басымды иіп тұрып аналық алғысымды айтамын", – деді ол.

Сонымен қатар антына адалдық танытып, жоғары кәсібилікпен шара қабылдай отырып, адам өмірін құтқарудағы әрекеті үшін полиция қызметкері Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының бұйрығымен марапатталатын болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: