Балқашта биге кеткен қыз өлі күйінде табылды

Балқаш, қыз, жоғалған қыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2023 17:25 Сурет: Zakon.kz
10 желтоқсан күні Балқашта 15 жасар қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

11 желтоқсан күні жоғалған қызға тиесілі заттар көл жағасынан табылды. Сол уақыттан бері іздестіру жұмыстары көл маңында жүргізілді. Сағат 13:36-да жағадан 40-50 м қашықтықта 2,5-3 м тереңдіктен қыз баланың денесі табылды.

"Алдын ала мәлімет бойынша, суицид жасалған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", – деп хабарлады полиция.

10 желтоқсан күні кешке қарай полицияға қыздың әкесі хабарласып, 15 жасар қызының жоғалып кеткенін мәлімдеген. Ер адам сағат 16:00 шамасында қыз биге баратынын ескертіп, үйден шығып кеткенін, бірақ кешке оралмағанын айтқан.

Қызды іздеуге полиция қызметкері мен еріктілер жұмылдырылды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: