Павлодарда құлаған ұшаққа байланысты тергеу шарасы қайта жанданды

Құлаған ұшақ, Павлодар облысы, тергеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2023 20:20 Сурет: pixabay
Жазатайым оқиға 2022 жылы жазда Ертіс ауданындағы егістік алқапты өңдеу кезінде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұшқыш қатты зардап шекті, деп жазады Pavlodarnews.kz.

СП-30К ұшағы егістік алқапты шыбын-шіркейден тазалау мақсатында өңдеуші материалды себу үшін әуеге  көтерілгенде бірден құлай бастады. Екі орындықты ұшақтың қозғалтқышынан ақау шыққан. Ұшқыш ұшақты апатты жағдайда Ағашорын ауылы маңындағы жыртылған алқапқа қондырған.

Ұшқыш көптеген ауыр жарақаттар алды, ол облыстық ауруханаға жатқызылды, делінген ақпаратта.

Елордалық авиациялық комиссия сараптама жүргізіп, қозғалтқыш ақауының себептерін анықтау үшін ұшақты өндіруші компанияға сауал жолдады. 

"Жазатайым оқиға өткен жылы орын алды, ала сараптама қорытындысы жақында келді. Біз тергеуді қайта бастадық", – деп түсіндірді облыстық еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов.

Оның айтуынша, егер жазатайым оқиға тергеу сараптамасын қажет етпесе, онда бұйрық шыққан сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде күшіне енеді. Алайда, тергеудің көп бөлігі бірнеше сараптаманы қажет етеді, соған байланысты тергеу шарасы созылуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: