15 көлік соқтығысты: Астана маңында болған апаттың жай-жапсары белгілі болды
Сурет: Zakon.kz
2 қаңтар күні түскі уақытта Астана-Петропавл тас жолында ірі жол-көлік оқиғасы болды. 15 көлік жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, полицейлер апаттың себебін анықтап жатыр. Департамент қаза тапқандар жоқ екенін айтты. Үш адам, оның ішінде бір бала ауруханаға жатқызылды. Жәбірленушілердің талаптары жоқ.
"Жол-көлік оқиғасының екі қатысушысына – Mitsubishi көлігін басқарған 69 жастағы Астана қаласының тұрғыны мен Suzuki Vitara көлігінің 34 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, 610-бабы ("Көлік құралдары жүргізушілерінің адам денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің зақымдануына әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
Ведомствоның баспасөз қызметі 31 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында Ақмола облысында 19 жол-көлік оқиғасы болғанын қосты.
"Полиция азаматтарды белгіленген жылдамдықты, аралықты және қашықты сақтауға, көлік қозғалысының шектеулері туралы жедел қызмет хабарламаларын мұқият бақылауға және ауа райының қолайсыз жағдайында елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға шақырады".Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
Дәл осындай апат Алматы-Екатеринбург тас жолында болды. 2 қаңтарда онда жеті көлік соқтығысқан.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript