Алматыдағы Шығыс айналма жолында жаппай жол апаты болып, көлік қозғалысы тоқтады
Сурет: Zakon.kz.
Жүргізушілердің бірінің айтуынша, оқыс оқиғаның орын алуына жолдың тайғақ болуы себеп болған.
Оның айтуынша, жол апатына аз уақыт қалғанда асфальттағы шаң мен кірді жуу үшін жолға су себілген.
Алдын ала болжам бойынша, осыдан кейін Howo жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай қалып, соның салдарынан бірнеше көлік бірінен соң бірі соқтығысқан.
Алайда жол апатының нақты ресми себебі әзірге анықталған жоқ.
Апат салдарынан зардап шеккендер бар. Олардың нақты саны қазір анықталып жатыр.
Оқиға орнына жол полициясының қызметкерлері келіп, болған жағдайдың мән-жайын анықтауда.
Шығыс айналма жолындағы көлік қозғалысы уақытша қиындап, іс жүзінде тоқтап қалды.
Зардап шеккендердің жағдайы мен жол апатының себептері туралы ресми ақпарат нақтыланып жатыр.
Бұған дейін Астана-Щучинск тасжолында жол апаты болғанын жазған болатынбыз.






