Шартты түрде мерзімінен бұрын босату ережелерін бұзған ақтөбелік колонияға қайтарылды

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату ережелерін бұзған ақтөбелік колонияға қайтарылды., сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2024 09:54 Сурет: ҚР ІІМ
Ақтөбе қаласы полиция басқармасы қалалық сотта шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың қатысуымен сот отырысын ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру мәселесін шешу бойынша сот процесі ашық түрде жүргізілді.

Сотталған адамның шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылды.

Сурет: Ақтөбе қаласы полиция басқармасы

Бұған дейін 2017 жылдың басында 58 жастағы ер адам ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі бойынша тоғыз жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 2023 жылдың маусымында ол пробациялық бақылауды белгілеу арқылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.

Алайда, сотталған адам түзету жолына түспей, заңсыз әрекеттерге жол бере бастаған: бірнеше рет ұсақ бұзақылық жасап, қоғамдық жерде мас күйінде болған. Сондай-ақ, тексеру кезінде ол бірнеше рет тұрғылықты жерінде болмаған.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: