Алматыдағы балабақшада өріп жүрген егеуқұйрықтардың қайдан келгені белгілі болды
Сурет: pixabay
Алматы қалалық білім басқармасы желідегі № 110 бөбекжайдың жатын бөлмесінде қаптап жүрген егеуқұйрықтардың видеосына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Басқарманың мәліметінше, балабақшаның маңында егеуқұйрықтар мекен ететін көп пәтерлі тұрғын үйлердің қоқыс жәшіктері бар. Аталған контейнерлер балабақша аумағынан 20 метр қашықтықта орналасқан.
"Бүгінгі таңда балабақшада қажетті дезинфекциялық және дератизациялық шаралар жүргізілді. 20 наурызда басқарма балабақша қызметіне мониторинг жүргізу үшін комиссия құрды, оның қорытындысы бойынша мектепке дейінгі ұйымның әкімшілігіне қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады", делінген хабарламада.
Сондай-ақ, құзырлы ведомство аталған нысанда қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі тексеру жүргізіп жатқанын нақтылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript