Таразда жолаушылар автобусы өртенді

Өрт, Тараз, жолаушылар автобусы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2024 18:59 Сурет: Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі
26 наурызда Тараз қаласында жолаушылар автобусы түгі қалмай өртеніп кетті. Төтеншеліктер құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ екенін нақтылайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылы 26 наурызда сағат 17:43-те Жамбыл облысы ТЖД күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының телефонына Тараз қаласы, Мәмбет батыр көшесінің бойында жолаушылар автобусының өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Оқиға орнына жергелікті ТЖ жөніндегі департаменттің жеке құрамынан 16 адам және 4 бірлік техника шұғыл аттанды. Өрт сөндірушілердің күшімен от сағат 18:00-де ауыздықталып, 18:06-да толығымен жойылды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ". Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі

Өрттің шығу себебі анықталу үстінде.


Айта кетсек, 25 наурызда Семейде үй өртеніп, екі адам құтқарылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: