Ақтөбе облысындағы Қаратал ауылынан шамамен 150 адам эвакуацияланды

Эвакуация, Ақтөбе облысы, Қаратал ауылы, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2024 18:01 Сурет: видеодан алынды
ТЖМ мәліметінше, Қаратал ауылынан 148 адам, оның ішінде 60 бала қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вице-министр Серік Төленбергеновтің басшылығымен ТЖД, Жедел құтқару жасағы, Республикалық жедел құтқару жасағы күштерімен, Қорғаныс министрлігінің әуе кемелерімен Қаратал ауылынан Ойыл ауылына халықты эвакуациялау жүріп жатыр, делінген ведомство хабарламасында.


Сондай-ақ, аумақты көктен аэровизуалды шолу жүргізілді.

Қаратал ауылынан барлығы 148 адам, оның ішінде 60 бала қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ бүгін түнде Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Ш.Берсиев ауылына ТЖД, ЖҚЖ құтқарушылар тобы ҚР ҚМ әуе кемелерімен жүзу құралдарында тұрғындарға қажетті киім-кешек пен көрпе, азық-түлік, гигиена заттарын жеткізді. Сонымен қатар АМО психологтары психологиялық көмек көрсетті, жедел-құтқару жасағының психологтары балалармен жұмыс жүргізуде.

Айта кетсек, еліміздің төрт өңірінде су тасқыны қаупі әлі сақталып отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: