Жаңалықтар тізбегі
0

Бөгеттің салынбауынан алматылықтарға қауіп төніп тұр ма: "Қазселденқорғау" мекемесі түсініктеме берді

Ақсай өзені, бөгет, Қазселденқорғау, түсініктеме, Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2024 17:15 Сурет: Қазселденқорғау
"Қазселденқорғау" мекемесі 12 сәуірде Ақсай селді ұстау бөгетінің құрылысына қатысты қайталап түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазселденқорғау" ММ басшысы Арман Ахметовтың айтуынша, Ақсай өзені Алматы қаласындағы сел қаупі бар өзендердің қатарына жатады. Оның жоғарғы ағысында 25 мұздық пен 20 морено-мұздық көлдер бар.

"Ақсай селді ұстау бөгетінің құрылысы маңызды болып саналады және оның мақсаты сел аймағында орналасқан халықтың өмірін пен шаруашылық нысандарын қорғау болып табылады", – деді ол.

Бірақ қазіргі уақытта мердігер өз міндеттемелерін орындамағандықтан нысанның құрылысы тоқтатылып, тиісті келісімшарт бұзылған.

"ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арыновтың бастамасымен, Қазақстан Республикасының ҚМА-ға процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті материалдарды тапсырдық. Сел қаупі аймағында 30 мыңнан астам адам бар.Бөгеттің аяқталмаған құрылысы Ақсай өзенінің бойымен өтетін сел жағдайында сел қоймасында оның жиналу қаупін тудырады, бұл жағдайда ол аяқталмаған бөгеттің жарылуына және топырақтың шайылуына, қайталама селдің пайда болуына әкеледі". "Қазселденқорғау" ММ басшысы Арман Ахметов

Оның айтуынша, қазіргі уақытта мореналық көлдер қысқы режимде, көлдің жарылу қаупі жоқ.

Айта кетсек, 11 сәуірде Қаржылық мониторинг агенттігі бөгет құрылысына қатысты үш жекеменшік компанияға қатысты тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаған. Соның бірі - Ақсай өзеніндегісі. ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ-мен келісімшартқа отырған мердігер ұйымның директоры бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша күдікке ілінді. ЖШС Алматы қаласы "Ақсай өзенінің бассейнінде селді ұстайтын бөгет салу" жобасын іске асырған. "ЖШС-ның жауапты тұлғалары алдын ала сөз байласу арқылы, аса ірі көлемде, бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді. Залал сомасы алдын-ала есеп бойынша 775 млн теңгеден асады".

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: