Жаңалықтар тізбегі
0

Балкон қоршауында ілулі тұрды: Астанада баланы құтқарған оқушы марапатталды

Балкон қоршауында ілулі тұрды: Астанада баланы құтқарған оқушы марапатталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2024 15:46 Сурет: Астана ТЖД баспасөз қызметі
23 мамырда Астанада ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтың бұйрығына сәйкес құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін №31 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Ақан Әкімжанов марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана ТЖД бастығы Марат Күлдіков Ақан Әкімжанов пен оның ата-анасын ҚР ТЖ Министрінің алғыс хаттарымен марапаттап, мектеп жиналысында бағалы сыйлықтар табыс етті.

Балкон қоршауында ілулі тұрды: Астанада баланы құтқарған оқушы марапатталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2024 15:46

Сурет: Астана ТЖД баспасөз қызметі

"Ақанның ерлігі арқылы адам өмірі сақталды. Әр азамат өзінің батылдығы мен өжеттілігін көрсете отырып, қиын сәтте көмекке келе алса, онда ол нағыз құтқарушы. Осындай баланы тәрбиелеген ата-аналар мен мектеп ұжымына рахмет", - деп атап өтті қалалық ТЖД бастығы Марат Күлдіков.

Естеріңізге сала кетейік, 20 мамырда Астанадағы көпқабатты үйлердің ауласында жүргенде ол 4-қабаттағы балкон қоршауында ілулі тұрған баланы көріп, көмекке асықты. Ол 4-қабатқа жедел көтеріліп, 5 жасар баланы батыл әрекетімен құтқарып, болуы мүмкін қайғылы жағдайдың алдын алды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: