Астанада нөсер жаңбыр салдарынан Тұран даңғылындағы жол учаскесі уақытша жабылды
Елорда қалалық әкімдігінің хабарлауынша, жергілікті жерде коммуналдық қызметтер жұмыс істейді.
"Тұран даңғылындағы бұл коллектор жаңбыр суы мен кәріз қалдықтарын жинайды. Нөсерлі кәріз коллекторлары толық қуатта жұмыс істейді", делінген әкімдік хабарламасында.
Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ,коллектордың жұмысы жеке құрылыс салушылар мен бірқатар үйдің заңсыз қосылуына байланысты шамадан тыс жүктеледі, оның ішінде тұрмыстық заттар, құрылыс материалдары және т.б. кәрізге тастайтындар жоқ емес.
"Қазіргі уақытта Тұран даңғылында тағы бір магистральдық кәріз коллекторының құрылысы жүргізілуде. Оның ұзындығы – 8 км, бұл - қолданыстағы коллектордың ұзындығынан үлкен. Магистральдық кәріз коллекторының толық аяқталуы осы жылдың күзіне жоспарланып отыр. Осы жылдың маусым айының соңында нөсер кәріз жүйесін өткізетін кәріз коллекторының 1-ші кезегін іске қосу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта қосымша сорғыларды орнату және іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Бұл коллектордың құрылысы мен іске қосылуы сол жағалаудағы басқа коллекторлардың жұмысын жеңілдетеді".
Айта кетсек, 25 мамырда Астанада нөсер жаңбыр жауып, күн күрт суытты.