Қызылордада бильярд клубы өртеніп, 18 адам эвакуацияланды

14 маусымда Қызылорда қаласындағы бильярд клубтарының бірінде 4 шаршы метр алаң өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылардың шебер және жедел әрекеттерінің арқасында шақыру сәтінен бастап 27 минут ішінде өрт толығымен сөндірілді.
"Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы", делінген хабарламада.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript