"Бәстескен". Астанада суға батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды
Сурет: Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Астанада № 63 мектептің оқушысы Ақбұлақ өзенінің бір жағасынан екіншісіне жүзіп өтуге бәстесіп, салдарынан суға батып кете жаздады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 маусымда 19:50 минутта Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің сарбазы патрульдеу кезінде жас баланы құтқарды.
"Қатардағы жас сарбаз Махмет Әлішер жағдайды жедел бағалап, суға қойып кетті. Ол 2008 жылы туған жасөспірімді судан құтқарып, жағаға алып шықты. Бұл жағдай қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін еді, алайда жедел әрекеттердің арқасында тағы бір адам өмірі құтқарылды". Астана қалалық ТЖД
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript