Жаңалықтар тізбегі
0

Өскеменде өрт шыққан көпқабатты тұрғын үйден 12 адам эвакуацияланды

Өрт, Өскемен, көпқабатты тұрғын үй, эвакуация, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2024 10:52 Сурет: видеодан алынды
2024 жылғы 29 маусымда, сенбі күні Шығыс Қазақстанның облыс орталығында көпқабатты тұрғын үйді қалың түтін басып, 12 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт Қазыбек би даңғылындағы алты қабатты тұрғын үйдің бірінші қабаттағы пәтерінен шыққан.

"Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келгенде тұрғын үйді қалың түтін бөгіп қалғанын анықтады.  Өрт сөндірушілер 12 тұрғынды эвакуациялады, оның ішінде бес бала бар", деп хабарлады өңірлік ТЖД.


Өрт жедел сөндіріліп, қызыл жалын тек 10 шаршы метр аумаққа қана тараған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі - электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, деп хабарлады ШҚО-ның ТЖД.

"ШҚО ТЖД азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Өрт болатын жағдайға жеткізбеңіз. Өрт тудыруы мүмкін ақауларды уақтылы жойып отыру керек", - дейді ведомство қала тұрғындарына.

Сондай-ақ бүгін, 29 маусымда Алматыда екі қабатты дүкен өртенді. 150 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толығымен сөндірілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: