Алматы-Екатеринбург тас жолындағы апатқа шұғыл медициналық көмек қажет болды

Алматы-Екатеринбург тас жолындағы апатқа шұғыл медициналық көмек қажет болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2024 11:35 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
9 шілдеде Алматы – Екатеринбург тас жолындағы апатта жолаушылар шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, ҚР ТЖМ АМО филиалының "Ақшатау" трассалық медициналық-құтқару пунктінің медицина қызметкерлері Алматы-Екатеринбург трассасының 743 шақырымында жол-көлік оқиғасына шақыру бойынша шықты.

Зардап шеккен төрт адамға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, Балхаш қаласының Орталық ауруханасына жеткізілді.

Айта кетейік, 5 шілде күні Ақтау – Ақшұқыр жолында жол апаты болды. Екі адам ауруханаға жеткенше қайтыс болды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: