Астанада Талдыкөл аумағында алапат өрт болып жатыр

Өрт, Астана, Талдыкөл, қамыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2024 16:35 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
2024 жылы 20 шілдеде Астанада Талдыкөл аумағында құрғақ шөпте тұтанған от алапат өртке ұласты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Талдыкөл аумағында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр.

1500 шаршы метр алаңды жалмаған қызыл жалын қазіргі уақытта оқшауланды. Тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ.

"Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиға орнында ТЖМ құтқарушылары өртті жою бойынша жұмыс жүргізуде", делінген ведомство хабарламасында.


Айта кетсек, 20 шілдеде таңертең Орал қаласы маңындағы Зашағанда дүкендердің бірінде өрт болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: