Прокурор соттан Шымкент экс-әкімінің ағасын кінәлі деп тануды сұрады
Сот отырысы барысында прокурор Марат Әйтеновты Қылмыстық кодекстің 1-бөлігінің 109-1-бабында көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп тануды сұрады. Ол сондай-ақ оны 12 күн қамауға алуды сұрады.
"Оның жазасын өтеуді Астана қаласының полиция департаментінің арнайы қабылдауында отыруды сұраймын. Айыпталушыны бірден сот залынан күзетпен ұстап әкетуді сұраймын",- деді прокурор.
Ол сондай-ақ Әйтеновтен сот-дәрігерлік сараптамаларға жұмсалған 3 364 теңгені мемлекет пайдасына өндіріп алуды сұрады.
Марат Әйтеновтің бұрынғы жұбайын балаларымен үйден қалай шығарып салғаны туралы бейне әлеуметтік желілерде жылдам тарап, қарапайым комментаторлардан бастап шенеуніктерге дейін белсенді талқыланған болатын. Кейін Әйтенов жасаған әрекеті үшін бес күнге қамауға алынды.
Артынша Астана полициясы бұл оқиғаға түсініктеме берді. Ведомство Атешованың бұрынғы жұбайына қатысты әкімшілік іс қозғалғанын, ал дене күшін қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.