Демеу Жадыраев анасымен бірге әкімдік сыйлаған Жаркенттегі жаңа үйіне барды
Сурет: Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
11 тамызда Парижде өткен жазғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадыраев пен анасы Күлипа Бижанова Жетісу облысының әкімі сыйға тартқан Жаркент қаласындағы жаңа үйге барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әкімдіктің ақпаратынша, жаңа үй заманауи жиһаздармен, тұрмыстық техникамен толық жабдықталған.
Бұл өз кезегінде Күлипа Бижанованың қолайлы жағдайда өмір сүруіне үлкен септігін тигізеді.
"Бұл үй анама жылы ұя, жайлы мекен, ал өзім үшін қуана-қуана келетін сүйікті шаңырағым болады". Демеу Жадыраев
12 тамызға қараған түні Алматыға Олимпиада ойындарының қола чемпионы және қазақстандық бокстың мақтанышы Назым Қызайбай Парижден оралды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript





