Асқар Биахметов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Асқар Сақтағанұлы Биахметов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды., сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2024 13:50 Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Асқар Сақтағанұлы Биахметов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Асқар Сақтағанұлы Биахметов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Асқар Биахметов 1975 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Қаржы және несие" мамандығы бойынша, ҚАЗМЗА – "Құқықтану" мамандығы бойынша, ҚР Президенті жанындағы МБА ҰМСМ магистратурасын "Саясаттану" мамандығы бойынша және Дьюк университетін бітірген.

1993–2004 жылдары облыстық қаржы басқармасында, "Профилакторий" ӨК, Салық комитетінде, қалалық әкімдікте, сондай-ақ Ақтөбе облысының қазынашылық және қаржы басқармаларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

  • 2004-2009 жылдары — Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің бастығы.
  • 2009-2014 жылдары — ҚР Конституциялық Кеңесінің бөлім меңгерушісі.
  • 2014-2015 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры.
  • 2015-2018 жылдары — Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.
  • 2019-2020 жылдары — ҚР Премьер-Министрі бірінші орынбасарының кеңесшісі.
  • 2020-2023 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары.
  • 2023 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Үкіметі Аппараты басшысының орынбасары.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: