Астана тұрғындары жеке балабақшалардағы орындарды сақтау үшін ақы төлеуге мәжбүр болған

Детский сад, детский садик, дети, ребенок, детсад, няни, няня, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2024 12:24 Фото: pixabay
Астана прокуратурасының қызметкерлері мектепке дейінгі ұйымдарға тексерулер жүргізді, олардың нәтижелері бойынша көптеген бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы 2024 жылдың 3 қыркүйегінде елордалық қадағалау органының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, балабақшаларда жалақысы заңсыз есептелген жалған қызметкерлер жұмысқа орналастырылған. Анықталған жымқыру фактілері бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Демалыс кезеңінде мектепке дейінгі жеке мекемелердегі орындарды сақтау үшін ата-аналардан негізсіз ақы алу жағдайлары орын алған. Қадағалау органының араласуынан кейін шарттар қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді".Астана прокуратурасы

Бұдан бөлек, жекелеген балабақшаларда мерзімі өткен дәрілік заттар сақталған, сондай-ақ құрамында сынап бар шамдарды сақтау және жою кезіндегі бұзушылықтар анықталды.

"Қадағалау актілері бойынша бұзушылықтарды дереу жою үшін шаралар қабылданды, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды".Астана прокуратурасы

27 тамызда ШҚО-дағы "Дәншік" балабақшасында санитарлық ережелердің өрескел бұзылуы анықталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: