Алматының шағын аудандарының бірі суық судан уақытша ажыратылады

Кран с водой, вода, водоснабжение, система водоснабжения, отсутствие воды, отключение воды, потребление воды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2024 11:24 Фото: pixabay
19 қыркүйек күні Алматы қаласы Бостандық ауданының кейбір учаскесінде суық су уақытша болмайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы Су" ақпаратынша, 19 қыркүйек сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін Бостандық ауданында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға, Өтепов көшесінен Тимирязев даңғылына дейінге Жароков көшесіндегі тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға, сондай-ақ Атакент КҚКО аумағында орналасқан нысандарға су беру бойынша уақытша шектеулер енгізіледі.

"Жаңа су құбырын іске қосу үшін аталған қалалық сектордағы суық сумен жабдықтауға уақытша шектеулер қажет. Қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз",- деп мәлімдеді "Алматы Су".

Бұған дейін Алматыда жылу жүйелерін жөндеу мақсатында Бұқар жырау желекжолы көшесінің бойы автокөлік қозғалысы үшін уақытша жабылатындығы хабарланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: