Алматының бір ауданы уақытша суық сусыз қалады
Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласы Медеу ауданының кейбір аумақтары суық судан уақытша ажыратылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
8 тамыз күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Медеу ауданындағы:
- Қазыбек би – Назарбаев – Құрманғазы – Қонаев;
- Қазыбек би – Назарбаев – Төле би – Қайырбеков көшелерінің контурында сумен жабдықтау қызметі уақытша тоқтатылады.
Аталған аумақтардағы тұтынушыларды суық судан уақытша ажырату сумен жабдықтау желілері мен нысандарындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарын орындауға байланысты.
Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript