Қостанайда пара алған экс-шенеунік мемлекетке 61 миллион теңге айыппұл төледі
Фото: Zakon.kz
Қостанайдың №2 сотында ауыл шаруашылығы министрлігінің фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының бұрынғы басшысы 53 жастағы Жәнібек Кеңесбековке үкім шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
kstnews.kz мәліметінше, ол Қостанай, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды және басқа облыстардағы әдістемелік орталық филиалдарының басшыларынан пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Ол 50-ден 400 мың теңгеге дейін пара алған. Алымдардың жалпы сомасы 1 750 000 теңгені құрады.
Айта кетейік, сот оған параның 35 еселенген сомасында, яғни 61 250 000 теңге көлемінде айыппұл салу түрінде жаза тағайындады.
Бұған дейін Семейдегі шенеуніктің 4 мың теңге пара алғаны үшін үлкен айыппұл арқалағаны хабарланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript