Жаңалықтар тізбегі
0

Өзенде ағып бара жатқан баланы құтқарып қалған жігіттің ерлігіне көпшілік таңдай қақты

Өзенде ағып бара жатқан баланы құтқарып қалған жігіттің ерлігіне көпшілік таңдай қақты , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2024 14:10 Сурет: TikTok/xan_0911
2024 жылдың 27 қазанында әлеуметтік желіде өзенге ағып бала жатқан баланы құтқару сәтінен бейне пайда болды. Қазнет қолданушылары ер адамға "батыр" деген лақап ат қойып, оған пәтер беруді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

TikTok-та жариялаған хэштегтерге қарағанда, оқиға Алматыда болған. Ал бала ағып бара жатқан өзен Есентайға ұқсайды. Шамасы, ер адам ағып бара жатқан баланы көріп, еш ойланбастан суға секірген болуы керек. Мұны оның шешпеген күннен қорғайтын көзілдірігі мен барсеткасы дәлелдейді.

@xan_0911 Сойтип 1 Периштеге Себепкер Болып Калдык😂#Алматы#ИншАллах🤲🏻 ♬ оригинальный звук — Xan_0911

Құтқарылған бала оған: "рахмет, аға" деп алғысын білдірді.

Ер адамның айтуынша, бұл баланың суға ағып кете жаздаған екінші оқиғасы. Оған бұл туралы баланың өзі айтып берген.

"Бала лас суды көп жұтып қойды", – деп қосты ер адам.

Батырдың ерлігіне сүйсінген пікір қалдырушылар, оны тауып пәтер мен көлік сыйлау керектігін айтты:

  • Жарайсың!
  • Нағыз жігіт!
  • Батыр екенсің!
  • Періштені құтқарып қалдың!
  • көзілдірікпен жүр,демек ойланбастан секірген екен азамат.
  • Бар жақсыға лайықсың, жарадың!.

"Барлықтарыңызға рахмет! Менің орнымда басқа біреу болса да, дәл осы қадамға баратынына сенімдімін. Баланы құтқаруда қолымнан келетіннің барлығын істедім",- деп жауап берді батыр жігіт желі қолданушыларына.

Алматы полиция департаменті бұл факт әлеуметтік желілердің мониторингі барысында анықталғанын атап өтті.

"Оқиға туралы полицияға сигналдар, қоңыраулар, өтініштер түскен жоқ. Қазіргі уақытта Алмалы ауданының полиция басқармасы тексеру жүргізуде. Құтқару операциясына қатысушылар мен құтқару тізбегі анықталады",-деп толықтырды қалалық ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін жоғалып кеткен мультимиллионер мен оның қызының денесі суға батқан яхта ішінен табылғаны хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: