Оралда танымал кәсіпкер мен оның ағасы жол апатына ұшырап, қаза тапты
Сурет: Zakon.kz
1 қарашада Батыс Қазақстан облысындағы Орал – Озинки тас жолында белгілі кәсіпкер Владимир Охватов пен оның ағасы мінген көлік жол апатына ұшырады. Көліктегілер жан тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Батыс Қазақстан полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 1 қарашада таңғы сағат сегізде Орал – Озинки тасжолының 95-ші шақырымында Достық ауылының маңында болған.
"Toyota Granvia" көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік тас жолдан ұшып кеткен.
"Жол апаты салдарынан 58 жастағы жүргізуші мен 64 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда", деп "Мой город" жергілікті ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі болғандай, көлікте белгілі кәсіпкер Владимир Охватов ағасымен бірге болған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript