Астанада жүк көлігінің багы жарылып, үш адам зардап шекті

Өрт, Астана, жүк көлігі, жарылу, әкімшілік ғимарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2024 11:46 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Астанада үш қабатты әкімшілік ғимараттың гаражында жүк көлігінің жанар-жағармай багы жарылып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 30 қарашада Сарыарқа ауданындағы Жарсуат көшесінде болған. Зардап шеккендер оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

"Өрт сөндірушілер келгенге дейін бокста жүк көлігінің жанармай багы жарылып, кейіннен өрт тұтанған. Өрт кезінде бокс ішінде үш жүк автокөліктері болған, оның екеуін өрт сөндірушілер өрттен құтқарып қалды. Өрт салдарынан үш адам зардап шекті, олар медициналық жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды", делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Өрт 15 шаршы метр алаңды қамтыды. Өрт сөндірілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: