Астанада жаңа танысын телефонсыз қалдырған күдікті ұсталды

Центр оперативного управления департамента полиции, видеонаблюдение, правонарушения, телефон полиции, полиция, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2024 15:11 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қалалық полицияға 39 жастағы ер адам арызданды, оның айтуынша қонақүйде құны 700 мың теңгеден асатын телефоны ұрланған.

Құқық қорғаушылар жедел түрде оқиға болған жерге барды. Жәбірленушінің бір күн бұрын көшеде қызбен танысқаны анықталды.

Қалалық дүкендердің бірінде спирттік ішімдік сатып алып, жақын жердегі қонақүйден бөлме жалдаған. Ішімдік ішкеннен кейін ер адам ұйықтап қалған, ұйқыдан оянғанда телефонын таппаған. Қыздың да бөлмеде жоқ екенін білген.

Полицейлер көрші ғимараттардың сырт жағындағы бейне бақылау камераларын қарады. Сарыарқа аудандық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қаскүнемді тауып, ұстады. Ол 29 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Ол ұрланған тауарды алып-сатарларға Қыз өз кінәсін мойындады. ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: