Ташкент – Астана рейсінде төтенше жағдай орын алды

Рейс, ұшақ, төтенше жағдай, Ташкент – Астана, павлодарлық дәрігер, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2024 18:30 Сурет: pixabay
2024 жылғы 29 желтоқсанда Ташкенттен Астанаға қатынаған өзбек авиакомпаниясына тиесілі рейсте төтенше жағдай болды. Жолаушылардың бірі қысылып, өзін жайсыз сезінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Блогер Денис Денски Instagram-дағы парақшасында жазғандай, ұшқыш Ташкентке қайта оралу туралы шешім қабылдады.

"Бортта алғашқы шұғыл әрі сауатты медициналық көмек көрсете білген дәрігер болды!", деп жазады ол.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігі 30 желтоқсанда бортта болған дәрігер павлодарлық анестезиолог-реаниматолог Мұрат Сүлейменов екенін нақтылады.

Ол әйелдің жанында бір сағаттан астам уақыт бойы болып, медициналық көмек көрсетіп, оның жағдайын бақылаумен болды. 

"Экипаждың үйлесімді жұмысы мен Мұрат Сүлейменовтің кәсібилігінің арқасында әйелдің жағдайы айтарлықтай жақсарып, ол жолды жеңіл әрі сенімді түрде жалғастыра алды. Бұл жағдай жоғары білікті мамандық пен төтенше жағдайларда көмек көрсетуге дайындықтың адам өмірін сақтауға қалай әсер ететінінің жарқын үлгісі болды. Мұрат Сүлейменов Павлодар теміржол ауруханасында анестезиолог ретінде жұмыс істейді, жоғары біліктілік санатына ие және 28 жылдық еңбек өтілі бар". ҚР ДСМ баспасөз қызметі


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: