Еліміздің бес өңірінде қоғамдық көліктің жұмысы шектелді

Автобус, общественный транспорт, городской транспорт, пассажиры, улица , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.01.2025 09:33 Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" болжамдарына сәйкес ауа райы жағдайларының нашарлауына байланысты (тұман, бұрқасын, көктайғақ) 5 облыста қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облыстарында автокөліктің барлық түрлері үшін және республикалық маңызы бар автожолдардың жүк және қоғамдық автокөлік үшін қозғалысы жабылды.

Осыған байланысты ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді:

  • Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар.
  • Ауа-райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар.

Бұған дейін еліміздің тоғыз өңірінде дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: