Бразилия Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктерін зерттеуді бастады

30 желтоқсанда Қазақстан қара жәшіктерді Бразилияға жібергені хабарланды.  2024 жылы 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Бортта 67 адам болған, оның 29-ы аман қалған. 29 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаев құлаған ұшақтан жолаушыларды құтқаруда батылдық пен кәсібилік көрсеткен қазақстандықтардың қалың тобын марапаттады., сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2025 14:43 Сурет: ҚР ТЖМ
Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктерін тексеруді Бразилиядағы авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы жүргізіп жатыр. Елде Әзірбайжан, Қазақстан және Ресейден де өкілдер бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сарапшылар қазірдің өзінде рейстіркегіштердегі деректерді зерттей бастады, деп жазады бразилиялық "Agência Brasil" ақпараттық порталы.

Қазір негізгі жұмыс – қара жәшіктерден деректерді алу және талдау, онда ұшқыштардың дауыстары жазылған жазбалар мен ұшақтың бүкіл ұшу кезіндегі, апатқа ұшырағанға дейінгі жағдайы туралы ақпарат бар.


"Бразилиядағы тергеушілер кабинадағы сөйлесулердің аудиожазбаларымен және ұшақтың ұшу деректерін жазу құрылғыларымен жұмыс істеуде. CENIPA мамандары жағдайды модельдеу, ұшақтың жылдамдығын, оның траекториясын дәл бағалау және өз қорытындыларын жасау үшін компьютерлік технологияны пайдаланады", — деді Бразилияның әуе күштері.

30 желтоқсанда Қазақстан қара жәшіктерді Бразилияға жібергені хабарланды.

2024 жылы 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Бортта 67 адам болған, оның 29-ы аман қалған. 29 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаев құлаған ұшақтан жолаушыларды құтқаруда батылдық пен кәсібилік көрсеткен қазақстандықтардың қалың тобын марапаттады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: