Алматы тұрғыны өз әпкесін өлтіріп, денесін бөлшектеп тастады

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, правонарушения, телефон полиции, полиция, ЦОУ, заведенные дела, дело, полицейский, показание, показания, заявление, заявления, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2025 15:23 Фото: Zakon.kz
Алматыда 2025 жылдың 2 қаңтарында қоқыс өңдеу зауытының аумағында қызметкерлер полиэтилен пакетке оралған 68 жастағы әйелдің бөлшектелген мәйітін тапты. Қалалық полиция департаментінің (ҚПД) баспасөз қызметі Zakon.kz сайтына оқиғаның мән-жайын айтып берді.

Жан түршігерлік жаңалық туралы ақпарат "Криминальный Казахстан" Telegram-арнасында пайда болды. Сондай-ақ мәйіттің басы мен аяғы жоқ екені атап өтілді.

Тәртіп сақшылары бүгін, 5 қаңтарда бұл қылмыстың "кідіріссіз" ашылғанын атап өтті.

Белгілі болғандай, 67 жастағы әйел ұзақ уақыт араздық қарым-қатынасының салдарынан әпкесіне аяусыз әрекет жасаған.

Ол ұсталып, қамауға алынды.

"Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі

"Басқа мән-жайлар анықталуда", — деп қосты полицейлер.

Бір күн бұрын, 4 қаңтарда Қызылорда-Павлодар тас жолында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы тіркелді. Ұлытау облыстық полиция басқармасының мәліметінше, апат салдарынан үш адам қаза тапқан.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: