"Кілтті көршілерге қалдырмаңыз": Полиция демалыс жоспарлаған алматылықтарға кеңес берді

Дом, жилье, квартира, недвижимость, покупка дома, покупка жилья, покупка недвижимости, покупка квартиры, аренда дома, аренда жилья, аренда квартиры, съемное жилье, съемный дом, съемная квартира, продажа дома, продажа жилья, продажа квартиры, ипотека, ипотечная программа, ипотечное жилье, дом в ипотеку, квартира в ипотеку , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2025 16:55 Фото: pexels
Алматылықтардан әлеуметтік желіде сапарлары туралы хабарламау және пәтер кілтін көршілерге табыстамау сұралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала полициясының ресми өкілі Салтанат Әзірбек оңтүстік астананың тұрғындарына өз мүлкін қорғау үшін қарапайым ережелерді сақтау көмектесетінін айтты.

"Қылмыскерлер де желіні бақылап отырады, олар интернет кеңістікпен жақсы таныс. Мәселен, көпшілік алдында жүрген тұлғаның "біз 10 күндік демалысқа кеттік" деген ақпараты, ол үшін "үйде ешкім жоқ, кілт төсеніштің астында" дегенді білдіреді",- деді ол 2025 жылдың 6 қаңтарында РСК брифингінде.

Осылайша, спикер алматылықтарды ақпараттық қауіпсіздікке шақырды.

"Кілттерді бұрынғыдай гүлдерді суару, үй жануарларын тамақтандыру үшін көршілерге қалдырып кетпеу керек. Бүгінде әр нәрсеге қырағылық танытқан жөн. Егер пәтер төменгі қабаттарда болса, терезелерді тормен жабықтаған маңызды және ең қарапайым дабыл жүйесін орнату да артық етпейді",- деп атап өтті Салтанат Әзірбек.

Бұған дейін онлайн курс сатып алған астаналықтың 2 млн теңгеге алданып қалғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: