ІІМ: Соңғы екі жылда 8 мың түрлі қару тәркіленді

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, патрульная полиция, машина полиции, полицейская машина, патруль, оружие, пистолет, задержание, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2025 16:30 Фото: Zakon.kz
5 қаңтарда Талдықорған қаласындағы саяжайлардың бірінде, Қаратал өзенінің астындағы көпірдің маңында криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстары барысында қару-жарақ жасырылған орын табылды.

Ол жерден 14 патроны бар Калашников автоматы мен 8 патроны бар Макаров тапаншасы тәркіленді. Бұл қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару болатын

"Атыс қарулары қоғам үшін ерекше қауіпті. Сондықтан Ішкі істер министрлігімен заңсыз айналымдағы қаруды тәркілеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі және ерекше бақылауда", – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

2022 жылдың басынан бастап қабылданған шаралармен 7 877 түрлі қару, 816 граната және 110 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді.

2024 жылдың соңында заңсыз айналымнан екі мыңнан астам түрлі қару тәркіленді, оның ішінде 1 764 дана атыс қаруы, 274 дана травматикалық қару, 87 граната және 19 мыңнан астам әр түрлі калибрлі оқ-дәрі бар. Сонымен қатар 21 заңсыз қару жасырылған орын табылды.

Ағымдағы жылдың басынан бастап бұл жұмыс белсенді түрде жалғасып, нәтижесінде 24 дана атыс қару тәркіленді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: