Көктөбеде төбелес шығарған шетелдік студенттер елден депортацияланады

Кулаки, драка, насилие, нападение, потасовка, избиение, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2025 16:50 Фото: pexels
2025 жылдың 8 қаңтарында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үкімет дәлізінде Жаңа жыл түні студенттер арасындағы жаппай төбелес үшін алты адамның елден шығарылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ғылым министрлігінің басшысы алты адамның да Үндістаннан келген студенттер екенін, олардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін түсіндірді.

"Бұл тек олардың ішкі мәселесі, Алматы полиция департаменті қазір тергеу жүргізіп жатыр. Нәтижесін күтейік. Мен елшілікпен тікелей байланыстамын, сөйлесіп, бұл студенттерді депортациялау туралы ортақ шешім қабылдадық.Президент жуырда берген сұхбатында әрбір шетелдік азамат өз елінде заңды сақтаса, Қазақстанда да оны сақтауға міндетті екенін айтты. Депортация мәселесі елшілікпен шешілгенін айтты", — деп қосты Саясат Нұрбек.

Жаңа жыл түні Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын шетелдік студенттер арасында дәмханалардың бірінде жанжал шығып, ол жаппай төбелеске ұласты.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: