Ас әзірлеп жатып, бір шаруамен сыртқа шығып кеткен елордалық пәтерін өртеп ала жаздады

Өрт сөндірушілер, Астана, түтін, таба, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2025 09:50 Сурет: Zakon.kz
Астана қаласының тұрғыны кешкі тамаққа кірісіп, содан соң бір шаруамен сыртқа шығып кеткен. Ол отқа қойылған табаны сол күйі ұмытып кеткен. Жағымсыз иісті көршілер сезіп, шұғыл қызметке қоңырау шалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға кеше, 18 қаңтарда кешкісін Байқоңыр ауданында А.Жұбанов көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болды. 

"Көршілер пәтерден шыққан түтіннің иісін сезіп, өрт сөндірушілерді шақырды. ТЖМ қызметкерлері үш сатылы баспалдақтың көмегімен терезе арқылы түтінді пәтерге кіріп, плитада тамақтың күйіп жатқанын анықтады. Пәтерде адам болмаған", деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Таба, күю, түтін басу, төтенше жағдай, Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2025 09:50

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ ескертеді:

  • ас үйдегі оттағы тамақты қараусыз қалдырмаңыз;
  • плитаның жанында сүлгілерді, қағазды, ұстағыштарды және басқа да жанғыш заттарды ұстамаңыз;
  • қызған табада ағаш қасықтарды қалдырмаңыз;
  • табаны маймен үштен бір бөлігінен аспайтын етіп толтырыңыз. Май-350 С жоғары температурада өздігінен тұтануға қабілетті жанғыш сұйықтық;
  • электр сымдарын пештен алыс ұстаңыз;
  • жанып жатқан майдың үстіне су құймаңыз.

Бұған дейін Астанада фитнес орталықта өрт шыққанын жазғанбыз


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: