БҚО-дағы құс фабрикасында 125 мыңнан астам тауық өліп қалды
"Мой город" порталы жазғандай, тауықтардың өлімі 2024 жылдың желтоқсан айының соңында тіркелді. Бұған дейін облыста мұндай жағдайлар болған жоқ, деп атап өтті Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы. Барлық құстар мен жұмыртқалар жойылды – олар тікелей кәсіпорын аумағында өртелді.
"2024 жылғы 31 желтоқсандағы патологиялық материалды зерттеу пастереллезге оң нәтиже көрсетті. "Агрофирма Ақас" ЖШС-де құстардың өлімі 126 000 басты құрады. Бәйтерек ауданы Байқоңыр ауылдық округі әкімінің шешімімен 31 желтоқсанда құс фабрикасының аумағында шектеу іс-шаралары енгізілді", – деді ветдәрігерлер.
Құс үй-жайларында механикалық тазалау және дезинфекциялау жүргізілгені атап өтілді.
Пастереллез адамдар үшін де қауіпті. Сіз ауру жануармен байланыста болған кезде, сондай-ақ құрамында пастереллез бактериялары бар тамақ немесе су тұтынған кезде, тіпті ауамен де жұқтыру ықтималдылығыңыз бар. Сонымен қатар, пастереллез ауру жануарлардың (мысықтар, иттер, егеуқұйрықтар, қояндар, шошқалар) тістеп алуы арқылы жұғады.
Бұған дейін аязға байланысты бірнеше өңірдегі мектеп оқушылары қашықтықтан оқытуға көшкендігі хабарланған болатын.