Экологтар Сәтбаевтағы қардың қап-қара болуының себебін анықтады
Сурет: pixabay
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті 24 қаңтарда Сәтбаев қаласындағы қардың қап-қара болуына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомство 2025 жылдың 8 қаңтарынан бастап әлеуметтік желіде Сәтбаев қаласының тұрғындарының қара қар туралы ақпараты тарай бастағанын нақтылайды.
"Экология департаментінің қызметкерлері бұл құбылыстың себептерін анықтады: ластаушы заттардың қайнар көзі "Kazakhmys Distribution" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылу электр станциясындағы қазандықтарынан атмосфераға түсетін шығарындылардың тазарту қондырғылары арқылы толық тазартылмауы", делінген хабарламада.
2024 жылы Ұлытау облысы бойынша экология департаменті осыған ұқсас факті бойынша "Kazakhmys Distribution" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тексеру жүргізген болатын. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар үшін 42,9 млн теңге айыппұл салынып, бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.
"2025 жылдың 21 қаңтарынан бастап Экология департаменті "Kazakhmys Distribution" ЖШС қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізуде. Қазір мамандар ЖЭО-ның шығарынды көздерінен әрі қарай талдау үшін сынама алып жатыр. Анықталған бұзушылықтар және қабылданған шаралар туралы ақпарат тексеру аяқталғаннан кейін беріледі", делінген хабарламада.
Бұған дейін Экология министрінің көлігін қыздырып, бөліскен тәжірибесі қазақстандықтардың қызу талқысына түскені хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript