Қостанай облысында қарлы боран құрсауында қалған екі бала аман қалды

Қостанай облысы Қарасу ауданындағы аттас ауылдан 12 км қашықтықта құтқарушылар қар құрсауында қалған көлікті шығару бойынша сәтті операция жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ мәліметінше, әкесі екі баласын балық аулауға үйрету үшін жолға шығып, қайтарда қар құрсауында қалып, өздігінен қауіпсіз жерге шыға алмаған.
"Құтқарушылар оқиға орнына жедел келіп, көлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды. Өз кезегінде жүргізуші дер кезінде көрсетілген көмек үшін құтқарушыларға алғысын білдірді",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін Алматыдан 270 шақырым жерде жер сілкінісі болғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript