Алматы әуежайы ауыр халде жеткізілген жолаушы қыздың оқиғасына қатысты түсініктеме берді

Алматы әуежайы, ауыр халдегі жолаушы, Дели, бес жасар қыз, түсініктеме  , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2025 20:30 Сурет: Zakon.kz
3 ақпанда Алматы халықаралық әуежайына 12 қаңтарда Дели-Алматы рейсімен ауыр халде жеткен бес жасар жолаушы оқиғасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Науқас бала шекаралық және кедендік бақылаудан әуежай қызметінің сүйемелдеуімен кезексіз, қозғалуы шектеулі жолаушы ретінде өтті. Ұшу алаңына жедел жәрдем көлігі жіберілмеді. Қыз балаға обыр дертінің емделуі өте қиын - бас миы ісігі диагнозы қойылған.

"Халықаралық хаттамаларға сәйкес, егер жолаушының медициналық проблемалары болса, әуе компания арнайы кодтармен хабарлау арқылы осындай жолаушы бортта бар екендігі туралы әуежайға хабарлайды. Халықаралық стандарттарға сәйкес, бұл жолаушылардың бірнеше санаты бар. Әуе компаниядан STCR коды жіберілді (жолаушыға зембіл қажет). Алматы халықаралық әуежайы тарапынан жолаушы бортының ұшуы бойынша STCR арнайы техникасы бар команда күтіп тұрды", – деп хабарлады Алматы әуежайының баспасөз қызметі.

12 қаңтар күні Делиден Алматыға ұшып келген жолаушыға зембіл мен медициналық көмек қажет болды. Оны әуежай қызметкерлері қажетті құрал-жабдықтармен күтіп тұрған. Алайда алдын ала рұқсатсыз қаладан жедел жәрдем көлігі жеткен. Азаматтық авиациядағы жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес, жедел жәрдем көлігі перронға жіберілмеді.

"Бөгде көлікті перронға жіберу үшін белгілі бір келісу рәсімдері бар. Ол үшін рейсте келе жатқан жолаушы туралы ақпарат, оның диагнозы және басқа да маңызды мәліметтер рейстен кемінде 24 сағат бұрын немесе әуе кемесі қонғанға дейін 2 сағат бұрын ұсынылуы керек. Бұл ақпарат ұсынылған жоқ. STCR командасының қызметкерлері жолаушының жағдайын көріп, әуежайдың медициналық қызметі мен жедел жәрдем көлігін шақырды. Жолаушыны алып жүрушілер әуежайдың жедел жәрдем көлігімен барудан бас тартты, соның салдарынан жолаушы шекаралық бақылау аймағына жеткізілді. Жолаушы шекаралық және кедендік бақылаудан әуежай қызметінің сүйемелдеуімен кезексіз, қозғалуы шектеулі жолаушы ретінде өтті", делінген түсініктемеде.

Әуежай қызметкерлері белгіленген процедуралар мен ережелерге сәйкес қатаң түрде әрекет еткені де нақтыланады.  

Бұған дейін Ақтау-Баку рейсіне билеті бар мас әйелді әуежайда полицейлердің ұстап әкеткені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: