Кәсіпкер ұрланған субсидияны пайдаланып, 50 миллион теңгеге элиталық жол талғамайтын көлік сатып алған

Покупка машины, автомобиль, оформление машины, автокредитование , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2025 09:32 Фото: pexels
Қаржылық мониторинг агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі басшысының 50 миллион теңгеден астам субсидияны заңсыз алу схемасын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, өндірістік кооперативінің басшысы 2019 жылдың мамырынан 2020 жылдың наурызына дейінгі аралықта жалған құжаттарды пайдаланып, сүт өнімдерін өңдеуге бөлінген 50 миллион теңгеден астам субсидияны заңсыз алған.

Өндірістік шығындарды растау үшін ауыл шаруашылығы басқармасына жеке кәсіпкерлерден шикі сүт сатып алғаны үшін өзара есеп айырысу туралы жалған құжаттар және май өндірісі туралы қасақана жалған ақпараттар беріп келген.

Нәтижесінде сот сүт жеткізу мәмілелерін заңсыз деп таныды.

Қаржылық тергеу нәтижесінде, заңсыз алынған субсидияларға күдікті "TOYOTA LAND CRUISER PRADO 150" маркалы автокөлік сатып алғаны анықталды, ол мүмкін болатын тәркілеуден жасыру мақсатында сенімді адамға рәсімделген.

Соттың санкциясымен аталған автокөлікке тыйым салынды.

Күдіктіге қатысты сот 2 айға "қамауға алу" түрінде бұлтартпау шарасын тағайындады.

Барлық ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: