Алматы облысында мешіт өртенді

Мечеть в Алматы, религия, мусульманство, мусульманская вера, ислам, мусульмане, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2025 13:15 Фото: Zakon.kz
2025 жылы 9 ақпанда таңертең Алматы облысындағы мешітте өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz .

Әлеуметтік желіде өрттің видеосы пайда болды. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның Қарасай ауданындағы Еңбекші ауылында болғанын хабарлады. Мешітте 50 шаршы метр аумақта жиһаздар мен тұрмыстық заттар жанып кетті.

"Оқиға орнына дереу Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 14 қызметкері мен төрт техникасы жөнелтілді. Ең жақын өрт сөндіру бекетіне дейінгі арақашықтық 22 шақырымды құрады. Жедел шаралардың көмегімен өрт 50 шаршы метр аумақта оқшауланып, сөндірілді", – деп хабарлады ведомстводан.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ғылыми-зерттеу және сынақ өрт зертханасы мен тергеу бөлімінің қызметкерлері оқиға орнында жүр.

2025 жылдың 9 ақпанында Алматының Түрксіб ауданында ангар үлгісіндегі жеке қоймада өрт шықты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: