Елордалық өрттен аман қалу үшін жаймаларды бір-біріне байлап тоғызыншы қабаттан түспек болды

Елордалық өрттен аман қалу үшін жаймаларды бір-біріне байлап тоғызыншы қабаттан түспек болды , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2025 11:51 Сурет: Астана ТЖД баспасөз қызметі
Астанада 12 ақпан күні таңертең көпқабатты тұрғын үйдің жоғары қабатында өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астаналық құтқарушылардың мәліметінше, Сарайшық ауданында Ж.Нәжімеденов көшесінде тұрғын үй кешенінің тоғызыншы қабатындағы пәтер қызыл жалынға оранды.

Жедел келген өрт сөндірушілер пәтердің балконына автосатыны орнатып, ер адамды құтқарып қалды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін ер адам бірнеше жайманы байлап, төмен түсуге тырысқан.

Құтқарушылар кейіннен оны жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Бұған дейін Алматыдағы "Green Recycle" қалдықтарды өңдеу зауытында қоқыс сұрыптау кезінде әйелдің бөлшектелген денесі табылғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: